Путин Украинаға ешқандай шартсыз тікелей келіссөздер өткізуді ұсынды

0
236


Путин Украинаға ешқандай шартсыз тікелей келіссөздер өткізуді ұсынды

Фото: РБК
ERNUR.KZ. Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин Украинаға ешқандай шарт қоймастан тікелей келіссөздер жүргізуді ұсынды, деп жазады Stan.kz.




Путиннің айтуынша, Ресей мұндай диалогты 15 мамырда-ақ Ыстамбұлда бастауға дайын.

"Президент Ердоғанмен сөйлесеміз деп жоспарлап отырмыз. Одан осы келіссөздерді өткізу мүмкіндігін сұраймын", – деді Ресей көшбасшысы.

Сондай-ақ Путин Украина мен Еуропа елдерінің 30 күндік бітім туралы ұсынысынан бас тартып, ультиматумды қабылдамағанын және өз шарттарын қойғанын айтты.

"Біздің ұсыныстарымыз үстелде жатыр, шешімді Украина мен олардың еуропалық кураторлары қабылдауы керек", – деді ол.

Бұдан бөлек Ресей үш күндік мамыр бітімін Киевтің әрекетіне қарай ұзартуды жоққа шығармайтынын мәлімдеді.