Путин Трампқа Жеңіс күніне орай атысты тоқтатуға дайын екенін хабарлады

0
80

Ресей мен АҚШ президенттері бір жарым сағаттан астам уақыт телефон арқылы сөйлесті.


Путин Трампқа Жеңіс күніне орай атысты тоқтатуға дайын екенін хабарлады

фото: POOL

ERNUR.KZ. Ресей президенті Владимир Путин Жеңіс күніне орай атысты тоқтатуға дайын. Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаковтың айтуынша, ол бұл туралы америкалық әріптесі Дональд Трампқа хабарлады, деп жазады sputnik.kz.
"Дональд Трамп Ресейдің жақында Пасха мерекесіне орай жарияланған бітімін құптады. Осыған байланысты Владимир Путин америкалық әріптесіне Жеңіс күнін тойлау кезінде де атысты тоқтатуға дайын екендігі туралы хабарлады", - деді ол.
Оның айтуынша, Трамп бұл бастаманы белсенді түрде қолдаған.
Сонымен қатар Путин Трампқа Ресей Қарулы Күштері бастаманы қолға алып, қарсыластың позицияларын шегіндіріп жатқанын хабарлады.
Ушаковтың мәліметінше, Ресей президенті АҚШ көшбасшысына Киевтің террористік әдістерге жүгініп жатқанын да айтқан.
"Ресей көшбасшысы Киевтің Ресей аумағындағы азаматтық нысандарға шабуыл жасай отырып, террористік әдістерге ашық түрде жүгініп жатқанын тікелей мәлімдеді", - деді Ушаков.
Дональд Трамп Украинадағы қақтығысты тоқтататын келісімге қол жеткізуге аз қалды деп санайды, деді Ушаков.