Пентагон атауы "Соғыс министрлігі" болып өзгерді

0
80

Бұл туралы Washington Post жазды.


Пентагон атауы

фото: Ведомости

ERNUR.KZ. АҚШ Президенті Дональд Трамп Қорғаныс министрлігінің атауын "Соғыс министрлігі" деп қайта атауды ұйғарған, деп жазады inbusiness.kz.

Washington Post газетінің хабарлауынша, Дональд Трамп бұл жоспар туралы БАҚ өкілдеріне тамыз айының соңында айтқан.

"Біз Бірінші дүниежүзілік соғысты да, Екінші дүниежүзілік соғысты да жеңдік. Кезінде мекеме "Соғыс министрлігі" деп аталды. Менің ойымша, бұл солай болуы тиіс", – деді АҚШ президенті.

Washington Post жазуынша, Пентагонды "Соғыс министрлігі" деп атау бірқатар шығындарға да әкелуі мүмкін. Өйткені ведомствоның ресми логотиптері дүние жүзінде кең орналасқан.

АҚШ-та Соғыс министрлігі алғаш рет 1789 жылы құрылған. Бұл атау Екінші дүниежүзілік соғыс біткен соң, 1947 жылы айналымнан шыққан. 1949 жылы мекеме "Қорғаныс министрлігі" деген атауға ие болды.