Оның бірі 12 жастағы бала.
Фото: AFP via Getty Images
ERNUR.KZ. Кеше Францияның астанасы Парижде күшті жел тұрып, нөсер жаңбыр жауды. Ағаштар құлап, көшелерді су басты. Дауылды күні 2 адам қаза тауып, 17 адам түрлі жарақат алған, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Францияның азаматтық қорғаныс агенттігі қатты ыстықтан кейін кенет бұзылған ауа-райының салдарынан бір адамның ауыр жарақат алғанын хабарлады. Агенттіктің мәліметінше, 110 000 үйде жарық сөніп қалған.
Нөсер жаңбыр ел парламентінің шатырынан өтіп, ғимаратқа су сорғалаған.
Ақпарат құралдарының хабарлауынша, Францияның оңтүстік-батысында 12 жасар баланың үстіне ағаш құлап, өмірін қиды, ал солтүстік-батыста ер адам квадроциклмен құлаған ағашқа соғып, көз жұмған.