Оңтүстік Кореяда қазақстандық зауытта өрт шыққаннан кейін із-түссіз жоғалып кеткен – БАҚ

0
256

Өрт шыққан сәтте кәсіпорында 83 қызметкер болған. Олардың 81-і дер кезінде эвакуацияланған.


Оңтүстік Кореяда қазақстандық зауытта өрт шыққаннан кейін із-түссіз жоғалып кеткен – БАҚ

Фото: Yonhap
ERNUR.KZ. Оңтүстік Кореяда тұрмыстық тауарлар өндіретін зауытта ірі өрт шықты. Салдарынан өзге жұмысшылар эвокуацияланған кезде Қазақстан мен непалдық азамат іс-түссіз жоғалып кеткен, деп жазады Stan.kz.

Ақпарат құралдарының мәліметінше, өрт 30 қаңтар күні сағат 14:55 шамасында Солтүстік Чхунчхон провинциясының Ымсон уезінде орналасқан дымқыл сулықтар мен жөргектер өндіретін зауытта тұтанған. Өрт шыққан сәтте кәсіпорында 83 қызметкер болған. Олардың 81-і дер кезінде эвакуацияланған.

БАҚ деректеріне сәйкес, эвакуациядан кейін екі шетелдік қызметкер – жасы шамамен 50-дегі Қазақстан азаматы және шамамен 20 жастағы Непал азаматы хабар-ошарсыз кеткендер қатарында болған. Өрт ішінара ауыздықталғаннан кейін іздестіру жұмыстары басталған.

Сондай-ақ кейбір ақпарат құралдарында жоғалғандардың 50 жастағы Өзбекстан азаматы мен 20 жастағы Непал азаматы екені туралы мәлімет тараған.

31 қаңтар күні сағат 00:39-да өрт сөндірушілер жоғалғандардың бірінің мәйітін ғимараттың екінші қабатындағы баспалдақ маңынан тапқан. Қаза тапқан адамның жеке басы әлі анықталған жоқ.

Өртті толықтай сөндіру тек шамамен 21 сағаттан кейін – 31 қаңтар күні сағат 12:08-де ғана мүмкін болған. Өртті сөндіру жұмыстары ғимарат конструкцияларының құлауымен және зауыт аумағындағы жанғыш материалдардың көптігімен күрделенген.

БАҚ мәліметінше, Оңтүстік Корея билігі екінші жоғалған жұмысшыны іздеу жұмыстарын жалғастырып, өрттің шығу себептерін тергеп жатыр.