Мысыр пирамидаларындағы жұмбақ құрылыстың сыры белгілі болды

0
127

Нью-Йорк ғалымдары Гизаның ұлы пирамидасы тепе-теңдік жүйесі мен шығыр тәрізді механизмдер арқылы салынғанын дәлелдеді.


Мысыр пирамидаларындағы жұмбақ құрылыстың сыры белгілі болды

Фото: pinterest.com

ERNUR.KZ. Олар құрылымның ішінде жасырылған, бұл массивті блоктарды бірнеше минутта салуға мүмкіндік береді, деп жазады inbusiness.kz.

Ғалымдар пирамиданың архитектуралық ерекшелігіне назар аударған. Мысалы, үлкен галерея мен көтерілу дәлізі тепе-теңдікті орнататын көлбеу пандустардың рөлін атқаруға қауқарлы. Шапқыншылықтан қорғану үшін қызмет етті деп есептелген шағын камера шын мәнінде салмағы 60 тоннаға дейінгі көтеру механизмінің бөлігі болған.

Пирамиданың ішкі камераларының қабырғаларында сызаттар мен тозу белгілері байқалады. Бұл құрылыс механизмдерінің сырғанауынан қалған іздер болуы ықтимал.

Ғылыми еңбектің авторлары ұлы пирамида әуелі ішкі бетінен басталып, кейін сыртқа қарай салынғанын сөз етеді. Құрылым өскен сайын тастарды көтеру үшін жасырын шығыр жүйелері пайдаланылған болуы мүмкін.

Гиза пирамидаларының ішіндегі ең көне және ең үлкені Хеопстың ұлы пирамидасы шамамен б.з.д. 2560 жылы перғауынның моласы ретінде салынған. Перғауынның мумиясы да, жерленген қазынасы да табылған емес. Мыңдаған жылдар бойы пирамида – әлемдегі ең биік құрылым және қазіргі дәуірге дейін аман қалған ежелгі дәуірдің жалғыз кереметі.