Ливия Бас штабының генералы Түркиядағы ұшақ апатынан қаза тапты

0
86

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы нақтыланып жатыр, ресми органдар іздестіру-құтқару шараларын жүргізуде.


Ливия Бас штабының генералы Түркиядағы ұшақ апатынан қаза тапты

Фото: news.israelinfo.co.il

ERNUR.KZ. Анкарадан ұшып шыққаннан кейін көп ұзамай бортында Ливия армиясы Бас штабының бастығы Мохаммед Али-Ахмед аль-Хаддад болған жеке ұшақ радардан жоғалып кеткен, деп жазады inbusiness.kz.

Түркияның NTV телеарнасының мәліметінше, Falcon маркалы ұшақ Анкарадан шамамен 70 шақырым оңтүстікте, Хаймана қаласы маңында радардан көрінбей, байланыс үзілген.

Түркияның ішкі істер министрі Али Ерликая X әлеуметтік желісіндегі парақшасында жергілікті уақыт бойынша кешкі сағат 21.00 шамасында ұшақпен байланыс жоғалғанын растады. Оның айтуынша, әуе кемесінде аль-Хаддад пен тағы төрт адам болған, олар Анкарадан Триполиге бағыт алған.