Қытайда тайфунға байланысты 41 мыңнан астам адам эвакуацияланды

0
138

Тайшань қаласында 120 мыңнан астам бала оқитын 182 мектеп пен балабақша уақытша жұмысын тоқтатты.


Қытайда тайфунға байланысты 41 мыңнан астам адам эвакуацияланды

Фото: Xinhua

ERNUR.KZ. Қытайдың оңтүстігіндегі Гуандун провинциясында "Тапа" тайфунының салдарынан мектептер жабылып, жаппай эвакуация жүргізілді, деп жазады inbusiness.kz.

Ал Цзянмэнь қаласының қауіпті аймақтарынан 41 мыңнан астам тұрғын қауіпсіз жерге көшірілген.

Апат салдарын жою үшін Цзянмэньде 43 ерікті теңіз құтқару жасағы жасақталып, 30 кеме дайындалды. Тайшаньда 3,3 мыңнан астам құтқарушы кезекшілік атқарса, көршілес Янцзян қаласында тұрғындарға арналған уақытша баспаналар ашылды.

Метеорологтардың мәліметінше, тайфун Цзянмэнь аумағына жеткенде желдің жылдамдығы секундына 30 метрге дейін жеткен. Табиғи құбылыс нөсер жауын мен қатты дауылмен бірге жүрген.

Синоптиктер "Тапа" тайфунының солтүстік-батысқа қарай сағатына шамамен 20 шақырым жылжып, біртіндеп әлсірейтінін болжауда.