​Қырғызстанда Жалаал-Абад қаласының атауы Манас болып өзгертілді

0
93

Құжат ресми жарияланғаннан кейін он күннен соң күшіне енеді.


​Қырғызстанда Жалаал-Абад қаласының атауы Манас болып өзгертілді

Фото: Кабар

ERNUR.KZ. Қырғызстан президенті Садыр Жапаров «Қырғыз Республикасының Жалаал-Абад облысындағы Жалаал-Абад қаласын Манас қаласы деп қайта атау туралы» Заңға қол қойды, деп жазады inform.kz.

Заңның мақсаты – ұлттық идеологияны нығайту және қалаға қырғыз халқының ұлы батыры, елін түрлі шапқыншылықтардан қорғаған Манастың есімін беру.

Құжат ресми жарияланғаннан кейін он күннен соң күшіне енеді.
Еске сала кетейік, 2025 жылғы 10 қыркүйекте Қырғыз Республикасының Жогорку Кенеш депутаттары Жалаал-Абад қаласының атауын Манас деп өзгерту жөніндегі заң жобасын үш оқылымда мақұлдаған болатын.