Бүгінде Қазақстанда 763 колледж жұмыс істейді.
ERNUR.KZ. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының желісін кеңейту мақсатында 16 мың орынға арналған 11 жаңа колледж салу көзделген. Бұл туралы ҚР оқу-ағарту вице-министрі Жайық Шарабасов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады.
Сонымен қатар колледж студенттерін жатақханамен қамтамасыз ету мәселесіне де ерекше көңіл бөлінеді.
«Қазіргі уақытта елімізде колледж студенттеріне арналған 45,6 мың орындық 602 жатақхана жұмыс істейді. 2019 жылдан бері 91 жатақхана пайдалануға берілді. Соның нәтижесінде студенттік жатақханалардағы орын тапшылығы 6 еседен астам қысқарды», – деді спикер.


