Көрші ел билігі осындай ұсынысты пысықтап жатыр.
Фото: freepik
ERNUR.KZ. Қырғызстанның қоғамдық тамақтану орындарында қызмет көрсеткені үшін қосымша ақы алынып тасталуы мүмкін, деп жазады inbusiness.kz.
Экономика және коммерция министрлігі қызмет көрсету ақысын төлеуге қатысты өзгерістер енгізуді жоспарлап отыр.
Атап айтқанда, дәмхана, мейрамханалар Қырғыз Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін қосымша талаптарды өз бетінше белгілей алады деп көрсетілген. Алайда бұған қызмет көрсету пайызы кірмеуі тиіс. Қызмет көрсету, тағамдарды әкелу, ыдыс-аяқ қою немесе басқа үшін негізгі тапсырыс құнынан бөлек ақы алуына жол берілмейді. Қоғамдық тамақтану қызметінің барлық құрамы, мәселен, тағам бағасы, қызмет көрсету және т.б. тұтынушы тапсырыс бермей тұрып мәзірде немесе басқа да құжаттарда көрсетілуі тиіс.
Бұдан бөлек төлемнің соңғы сомасының прейскуранттағы бағадан айырмашылығы болмауы тиіс. Бұл ретте ерікті түрде шайпұл беруге қатысты тыйымдар жазылмаған.
Қаулыға қоса берілген анықтамада көрсетілгендей, бүгінде қоғамдық тамақтану орындарында тапсырыс сомасының 5-15%-ына тең қызмет көрсету ақысы шотта бөлек көрсетіліп келеді. Ол көбінесе негізгі тапсырыс құнына қосылмайды.