Қойдың кейпіне енген үш ер адам Алжирді заңсыз кесіп өтпек болған

0
102

25 пен 30 жас аралығындағы үш ер адам анықталып, бірден ұсталды.


Қойдың кейпіне енген үш ер адам Алжирді заңсыз кесіп өтпек болған

Сурет: Facebook/arfsBlog

ERNUR.KZ. Жақында үш ер адам Алжир аумағынан қойдың кейпіне еніп шығып кетпек болған, деп жазады zakon.kz.

Олардың шекараны заңсыз кесіп өтіп, Испанияға жетпек болған әрекетінен полиция шикілікті байқап, дер кезінде құрықтаған. Бұл туралы Alkalima Online басылымы мәлімдеді.

Құқық қорғау органдарының айтуынша, қашуға әрекеттенгендер үй жануарлары тиелген көлікпен бірге шекарадан өтуді жоспарлаған. Олар қойдың терісін жамылып, өздерін малдың арасында байқалмайтындай етіп көрсетуге тырысқан.

Алайда көлік тексеру кезінде тәртіп сақшылары жануарлардың арасынан күмәнді қимылдарды байқап, жүк бөлігін мұқият қарап шыққан. Нәтижесінде 25 пен 30 жас аралығындағы үш ер адам анықталып, бірден ұсталды.

Бұл оқиға шетелдік БАҚ назарын аударып, өзінің "ерекшелігімен" қатар, аса қауіпті әрекет ретінде бағаланды.