Күшейіп келе жатқан Эль-Ниньо жаһандық температураның көтерілуіне ықпал етіп отыр.
Фото: Анадолу
ERNUR.KZ. Тынық мұхитында қалыптасып келе жатқан Эль-Ниньо бақылау тарихындағы ең күшті құбылыстардың біріне айналуы мүмкін. Мұндай ескертуді Ұлыбританияның Метеорологиялық қызметі (Met Office) жасады, деп жазады inform.kz.
Болжам бойынша, XIX ғасырдан бергі ең ауқымды құбылыстардың біріне айналуы ықтимал Эль-Ниньо 2027 жылы әлемде температураның рекордтық көрсеткіштерге жетуіне себеп болуы мүмкін.
Met Office-тің ұзақмерзімді болжамдар бөлімінің басшысы Адам Скайф қалыптасып келе жатқан Эль-Ниньоны «бұрын-соңды болмаған құбылыс» деп сипаттады. Оның айтуынша, болжамдарда Эль-Ниньоның мұншалықты күшті белгісі бұрын байқалмаған.
Сондай-ақ Эль-Ниньо салдарынан болатын құрғақшылық, су тасқыны мен аптап ыстық айтарлықтай экономикалық шығын әкелуі мүмкін.
Еске сала кетсек, БҰҰ Эль-Ниньо салдарынан тағы 49 млн адам азық-түлік тапшылығына ұшырауы мүмкін екенін мәлімдеді.


