Кашмирде үндістандықтардың оғынан бес адам мерт болды

0
142

Үндістан мен Пәкістанның қарулы күштерінің демаркация сызығы бойында болған атысының салдарынан Кашмирдің пәкістандық бөлігінде 10 адам зардап шегіп, кемінде 5 адам мерт болды.


Кашмирде үндістандықтардың оғынан бес адам мерт болды

ERNUR.KZ. Телеарна таратқан мәліметтерге қарағанда, Пәкістан мен Үндістанның қарулы күштері бақылау сызығының бойындағы бірнеше бекетте түні бойы атысқан, деп жазады kaz.inform.kz.

Материалда үндістандықтар тарапынан атылған оқтың азаматтық аудандарға бағытталғаны айтылады.


Бұған дейін Үндістан әскері 9 мамырға қараған түні Пәкістанмен арада көптеген қақтығыстар болғанын хабарлаған еді.

Үндістан армиясының хабарлауынша, Пәкістан республикаға дрондар мен өзге де қаруды қолдана отырып шабуылдаған. Соққылардың беті қайтарылды. Бейресми деректер бойынша, әуе қорғаныс жүйесі 50-ге жуық пәкістандық дронды қағып түсірген.