Кариб жағалауында "Мелисса" дауылы 49 адамның өмірін қиды

0
104

Бұл – Кариб теңізінде тіркелген үшінші ең күшті дауыл.


Кариб жағалауында

ERNUR.KZ. "Мелисса" дауылы Бермуд аралдарының солтүстік-батысына қарай жылжып, жүріп өткен жолында кем дегенде 49 адамның өмірін қиды, деп жазады inbusiness.kz.

Бермуд аралдарында 2-санатты дауылға байланысты ескерту жарияланды. АҚШ Ұлттық дауыл орталығының мәліметінше, жұма күні желдің екпіні сағатына 100 мильге (шамамен 160 км/сағ) дейін жеткен. Алдағы күндері дауылдың күші біртіндеп бәсеңдеуі мүмкін.

"Мелисса" дауылының салдарынан қаза тапқандар саны мен зардап көлемі күн санап өсіп келеді. Гаити билігінің дерегінше, қаза болғандар арасында кемі 30 бала бар. Ямайкада 19 адамның қаза тапқаны хабарланды. Кубада адам шығыны тіркелмегенімен, арал айтарлықтай зардап шеккен.

АҚШ билігі Кариб теңізіндегі елдерге көмек көрсету мақсатында апаттарға жедел жауап беру топтарын жіберетінін мәлімдеді.