Индонезия жағалауында 7,6 балдық жер сілкінісі болды

0
108

Алдын ала мәлімет бойынша, жер сілкінісі салдарынан ғимараттар қирап, кемінде екі адам қаза тапқан.


Индонезия жағалауында 7,6 балдық жер сілкінісі болды

Фото: depositphoyos.com

ERNUR.KZ. Индонезияның Флорес аралы маңында қуатты жер сілкінісі тіркелді. АҚШ Геологиялық қызметінің (USGS) мәліметінше, жер сілкінісінің магнитудасы 7,6 болған, деп жазады baq.kz.

Жер сілкінісінің ошағы Флорес аралының жағалауында, Эндеден шамамен 68 шақырым жерде орналасқан. Жер сілкінісі бірнеше кейінгі дүмпумен жалғасқан.

Индонезияның метеорология, климатология және геофизика агенттігі цунами қаупіне байланысты ескерту жариялап, жағалау тұрғындарын қауіпсіз жерге шығуға шақырды. Кейін ескерту күші жойылды.

Алдын ала мәлімет бойынша, жер сілкінісі салдарынан ғимараттар қирап, кемінде екі адам қаза тапқан. Құтқару қызметтері зардап пен материалдық шығын көлемін анықтап жатыр.