​Францияда 2025 жылдың алғашқы ыстық толқыны тіркелді

0
126

Бұрын мұндай жағдай бес жылда бір рет болатын деп есептелетін. Енді бұл жыл сайын, тіпті одан да жиі болып жатыр.


​Францияда 2025 жылдың алғашқы ыстық толқыны тіркелді

Фото: x.com/meteofrance

ERNUR.KZ. Алдағы күндері Францияның үлкен бөлігінде температура рекордтық көрсеткішке жетіп, 38°C дейін көтеріледі деп күтіледі, деп жазды inform.kz.
Жергілікті метеорологтардың айтуынша, бұл — биылғы жаздағы ерекше күшті ыстық кезең, ол Еуропадағы жаһандық жылынудың нақты көрінісі болуы ықтимал.
Дәстүрлі «Fête de la Musique» музыка мерекесі сенбі, 21 маусымда өтеді және бұл күні өте ыстық болады деп болжанған. Осылайша, француздар осы маусымдағы алғашқы экстремалды ыстық толқынымен бетпе-бет келмекші.
— 19 маусым, бейсенбіден бастап бірнеше күн бойы жоғары болып тұрған ауа температурасы біртіндеп өсіп, сенбіде шарықтау шегіне жетеді, — дейді Météo France. — Ең алдымен елдің батыс бөлігі зардап шегеді, мұнда температура 34-тен 38°C дейін көтеріледі. Түндер де ыстық болады, тропикалық түндер болуы мүмкін, яғни температура 20°C-тан төмен түспейді.
Météo-France жұма күні үшін Бретань мен Овернь-Рона-Альп аймақтарын қоса алғанда, 16 департаментте қызғылт сары деңгейдегі дабыл жариялады. Испания мен Ұлыбритания да бұл ыстықтан зардап шегуі мүмкін.
Бұл ыстық толқыны — бірнеше күн қатарынан қалыптан тыс жоғары температура сақталатын құбылыс — 1947 жылдан бері Францияда тіркеліп отырған елуінші жағдай болып отыр.
— Бұл жаңа шындықтың көрінісі секілді: ыстық толқындары жиіленіп, қарқыны күшейіп, жыл басында да, соңында да пайда болып жатыр, — дейді француз климатологы.
— Бұрын мұндай жағдай бес жылда бір рет болатын деп есептелетін. Енді бұл жыл сайын, тіпті одан да жиі болып жатыр.
1989 жылға дейін Францияда жыл сайын орта есеппен 1,7 күн ғана қатты ыстық күндер тіркелсе, 2000–2015 жылдар аралығында бұл көрсеткіш сегіз күнге жетті. Соңғы он жылда бұл орташа есеппен жылына 9,4 күнге дейін өсті.
Ғалымдар үнемі ескертіп келеді: климаттың өзгеруі аптап ыстық, құрғақшылық және су тасқыны сияқты экстремалды ауа райы құбылыстарының жиілеуіне және күшеюіне алып келеді.
2024 жылы Франциядағы ыстық кезеңдер туралы толығырақ ақпаратты мына жерден оқи аласыз.
Еске сала кетйік, бұған дейін Өзбекстанда аптап ыстыққа байланысты пойыздар енді баяу жүретінін жазған едік.