Фото: Kazinform
ERNUR.KZ. Эльбрус тауында екі альпинист көз жұмды. Құтқарушылар тағы 4 адамды іздестіріп жатыр, деп жазады kaz.inform.kz.
Кейін жедел қызмет өкілдері альпинистердің бірі таудан түсіп, болған жағдайды айтып бергенін хабарлады. Оның сөзінше, тау басында екі альпинистің жағдайы нашарлап, көз жұмған.
Кабардин-Балқарияның тергеу комитеті екі альпинистің қаза болғанын растады. Жедел қызметтердің мәліметінше, олар — шетел азаматтары.
Қазір құтқарушылар тағы 4 альпинисті іздестіру жұмыстарын жалғастырып жатыр.
Төтенше жағдайлар министрлігі Кабардин-Балқарияның туристік бағыттарында жалпы саны 1077 адамнан тұратын 130 туристік топ тіркелгенін атап өтті.


