Трамптың есімі долларға жазылады: АҚШ Қаржы министрлігі не дейді?
ERNUR.KZ. АҚШ долларында Трамптың есімі пайда болады. АҚШ Қаржы министрлігі бұл жағдайдың ел тарихында қазіргі президент үшін тұңғыш рет болатынын растады, деп жазады baq.kz.
Америка Құрама Штаттарында доллардың сыртқы түрін өзгерту туралы шешім қабылданды. Болашақ банкноттарда Дональд Трамптың қолтаңбасы пайда болады.
Бұл шешім туралы АҚШ Қаржы министрлігі хабарлады. Ведомство басшысы Скотт Бессент бұл қадам арқылы Трамптың рөлін және ел тарихындағы қазіргі кезеңді ерекше атап өткісі келетіндерін мәлімдеді.
АҚШ қазынашысы Брэндон Бич те бұл идеяны қолдады.
Президенттің доллардағы қолтаңбасы - әбден лайықты дүние, - деп атап өтті ол.
Еске салайық, бұл мұндай сипаттағы алғашқы бастама емес. Бұған дейін Дональд Трамптың портреті бейнеленген алтын монетаны шығару мақұлданған болатын.


