Бортта 7 адам болған: Ресейде Ан-3 ұшағы апатты жағдайда қонып, өртенді

0
82

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.


Бортта 7 адам болған: Ресейде Ан-3 ұшағы апатты жағдайда қонып, өртенді

ERNUR.KZ. Ресейдің Сахалин облысында Ан-3 ұшағы апатты жағдайда далаға қонып, өртенді. Алдын ала мәлімет бойынша, қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

ТАСС агенттігінің жазуынша, оқиға Зональное ауылының маңында болған. Ресей ТЖМ-нің Сахалин облысы бойынша басқармасының мәліметінше, ұшақ бортында жеті адам болған.

Ұшақ апатты жағдайда қонғаннан кейін борттағы адамдардың барлығы дер кезінде эвакуацияланып үлгерген.

Ведомство мәліметінше, Ан-3 ұшағы әуе қорғанысы қызметіне тиесілі.

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.