Губернатор жоғалған адамдарды іздеу үздіксіз жалғасатынын айтты.
Фото: Getty Images
ERNUR.KZ. АҚШ-тың Техас штатында күшті су тасқыны салдарынан 24 адам қаза тапты. Христиандық жазғы қыздар лагерінде кемінде 20 тәрбиеленуші хабар-ошарсыз кеткен, деп жазады Stan.kz
БАҚ мәліметінше, басқа да жоғалып кеткендер туралы ақпарат бар. Іздеу-құтқару жұмыстарына 18 тікұшақ пен шамамен 500 құтқарушы жұмылдырылған. 237 адам құтқарылып эвакуацияланған.
Мемлекет аумағында жауын-шашын көлемі одан әрі күшейіп, Керр округінен төмен жатқан аймақтарда су тасқыны қаупі төнуде.
Кервилл қаласының әкімшілік басшысы Далтон Райс су тасқыны бірден, күтпеген жағдайда болғанын айтып, жергілікті билік тұрғындарды уақытылы эвакуациялай алмай қалғанын мәлімдеді.
"Бәрі өте жылдам болды. Мұндай жағдайды тіпті радар да алдын ала болжай алмады", – деді Райс.
“Техас губернаторы Грег Эбботт бұл оқиғаны апат деп атап, төтенше жағдай туралы жарлыққа қол қойды. Бұл құтқарушыларға барлық қажетті ресурстарға қол жеткізуге мүмкіндік береді”, – деп жазады BBC порталы.
Губернатор жоғалған адамдарды іздеу үздіксіз жалғасатынын айтты.