​ТҮРКІСТАН: Отырарда «Алтын күз – 2026» мерекесі аталып өтті

0
112

Өнімдер нарықтағы бағадан 15-20 пайыз арзан бағада тұтынушыларға ұсынылды.


​ТҮРКІСТАН: Отырарда «Алтын күз – 2026» мерекесі аталып өтті

Отырар ауданында ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай дәстүрлі «Алтын күз – 2026» іс-шарасы кең көлемде аталып өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Мерекелік жиынға келген көпшілік алаңдағы ауыл шаруашылығы өнімдері мен техникаларының, қолөнер бұйымдары мен ұлттық құнды жәдігерлердің, көркемсурет көрмесімен танысты. Сондай-ақ, азық-түлік жәрмеңкесі ұйымдастырылып, өнімдер нарықтағы бағадан 15-20 пайыз арзан бағада тұтынушыларға ұсынылды.

Салтанатты іс-шара театрландырылған көрініспен басталып, «Қырманға кел, қалқатай» әні мен биі көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы ауыл шаруашылығы саласының еңбеккерлерін мерекемен құттықтап, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосып жүрген үлестеріне ерекше тоқталды. Сондай-ақ, дала төсінде маңдай терін төгіп, ел ырысын еселеп жүрген диқандар мен мал шаруашылығы мамандарының еңбегі қашанда құрметке лайық екенін атап өтті.

Іс-шара барысында жыл қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы саласында жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген бірқатар еңбек озаттары, үздік ауыл округтері, шаруа қожалықтарының басшылары мен сала мамандары аудан әкімінің арнайы марапаттарына ие болды. Кейін аудан өнерпаздарының әсем әні мен күмбірлеген күйіне толы концерттік бағдарламаға ұласты.

Бөлісу