Отбасынан сәби ғана аман қалған.
ERNUR.KZ. Ауғанстанда магнитудасы 5,8 болған жер сілкінісі бір отбасының сегіз мүшесінің өмірін қиды, деп жазады baq.kz.
Елдің Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, жер сілкінісі жұма күні кешке солтүстік-шығыстағы Бадахшан провинциясында 186 шақырым тереңдікте болған.
Жерасты дүмпуі елдің бірнеше өңірінде, соның ішінде астана Кабулда да сезілгені атап өтілді.
Кабул провинциясындағы Госфанд-Дара ауданында жер сілкінісі салдарынан бір отбасының сегіз мүшесі қаза тапты, – деді Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Шарафат Заман.
Оның айтуынша, сол отбасынан шамамен екі жастағы бір сәби ғана аман қалған.


