​Әлемде тұңғыш жасанды интеллект-министр Албанияда тағайындалды

0
103

Раманың айтуынша, мемлекеттік тендерлер бойынша шешімдер кезең-кезеңімен министрліктерден Diella-ның құзырына беріледі.


​Әлемде тұңғыш жасанды интеллект-министр Албанияда тағайындалды

Фото: Regnum

ERNUR.KZ. Албанияда мемлекеттік сатып алуларды қадағалайтын жасанды интеллект-министр қызметке кірісті. Ол Diella деп аталады (албан тілінде «күн» деген мағынаны білдіреді). Бұл туралы елдің премьер-министрі Эди Рама мәлім етті, деп жазады inform.kz.

Раманың айтуынша, мемлекеттік тендерлер бойынша шешімдер кезең-кезеңімен министрліктерден Diella-ның құзырына беріледі.

«Нәтижесінде Албания мемлекеттік тендерлері 100% сыбайлас жемқорлықтан арылған елге айналады. Барлық мемлекеттік қаражат ашық әрі толықтай бақылауда болады. Бұл — ғылыми фантастика емес», — деді премьер.
Жасанды интеллект Diella-ны албан халқы жақсы таниды. Ол қазірдің өзінде ұлттық электронды мемлекеттік қызметтер жүйесі — e-Albania-ны басқарып отыр.
Жасанды интеллекттің аватарында дәстүрлі албан киіміндегі жас қыз бейнеленген.
Айта кетейік, Албанияның бұрынғы президенті сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген күдікпен қамауға алынғанын жазғанбыз.