Ақтау маңында апатқа ұшыраған Embraer 190 ұшағының тағы бір жолаушысы қайтыс болды

0
333

Марқұм Әзірбайжан азаматы, Загатала қаласының тұрғыны Нұрулла Сиражов.


Ақтау маңында апатқа ұшыраған Embraer 190 ұшағының тағы бір жолаушысы қайтыс болды

Фото: ТЖМ ҚР, media.az
ERNUR.KZ. 2024 жылдың 25 желтоқсанында Ақтау маңында апатқа ұшыраған Embraer 190 ұшағының тағы бір жолаушысы қайтыс болды, деп жазады Stan.kz.


Марқұм Әзірбайжан азаматы, Загатала қаласының тұрғыны Нұрулла Сиражов.

Oxu.az сайтының хабарлауынша, 2024 жылдың 25 желтоқсанында Нұрулла Сиражов әйелімен Грозныйда тұратын ұлына қонаққа бара жатқан. Жол апатында ерлі-зайыптылардың екеуі де ауыр жарақат алған. Қатерлі ісікке шалдыққан ер адам Грозныйға ота жасату үшін ұшып бара жатқан. Алайда, апатқа байланысты операция тоқтатылып, Сиражов алған жарақатынан айығуға мәжбүр болған.