​АҚШ-та жолаушылар мінген тікұшақ апатқа ұшырады

0
151

Қазіргі уақытта апаттың себептері анықталуда.


​АҚШ-та жолаушылар мінген тікұшақ апатқа ұшырады

Фото: Видеодан алынған скрин

ERNUR.KZ. АҚШ-тың Миннесота штатында жолаушылар отырған Robinson R66 тікұшағы апатқа ұшырады, деп жазады kaz.inform.kz.

Тікұшақ Лейквилл қаласындағы Эйрлейк әуежайының маңында, елдімекеннен тыс аумаққа құлаған. Жерде зардап шеккендер жоқ.

Алайда әуе көлігінде болған адамдар қаза тапты, олардың нақты саны әзірге белгісіз.

Robinson R66 – бір қозғалтқышты, бес орындық, әйнек кабинасы бар тікұшақ. Құлағаннан кейін әуе көлігі өртеніп кеткен.

Қазіргі уақытта апаттың себептері анықталуда.