АҚШ шетелдіктерге жаңа виза енгізді

0
97

АҚШ президенті Дональд Трамп шетелдіктерге арналған жаңа визалық санатты құру туралы жарлыққа қол қойды.


АҚШ шетелдіктерге жаңа виза енгізді

фото: depositphotos

ERNUR.KZ. АҚШ шетелдіктерге жаңа виза енгізді. Трамп тиісті жарлыққа қол қойды, деп жазады ulysmedia.kz.

АҚШ президенті Дональд Трамп шетелдіктерге арналған жаңа визалық санатты құру туралы жарлыққа қол қойды. Бұл жедел рәсімдеу үшін 1 миллион доллар төлеуге дайын адамдарға қатысты.

Ақ үйдің мәліметінше, жарлықтың атауы – «Алтын карта». Құжат шетелден баратын «ерекше қабілеті бар» адамдарға жаңа визалық санат енгізеді. Алайда бұл тіркес, негізінен, олардың төлем қабілетін меңзеп тұрғаны байқалады.

Жарлық сондай-ақ компанияларға 2 миллион доллар төлеп, шетелдіктердің кіруін демеуге мүмкіндік береді.

КОНТЕКСТ

Бұған дейін АҚШ мемлекеттік департаменті көші-қонға жатпайтын визаларды алушыларға қойылатын ережелердің өзгергенін хабарлаған болатын. Енді өтініш берушілер өз еліндегі немесе тұрғылықты жеріндегі АҚШ елшілігі мен консулдығында сұхбатқа жазылуға тиіс.