​АҚШ әскері Сириядан кетті

0
122

Осылайша АҚШ-тың 2014 жылдан бері жалғасып келе жатқан әскери иссиясы аяқталды.


​АҚШ әскері Сириядан кетті

Фото: Aljazeera

ERNUR.KZ. Сирия билігі бұған дейін америкалық күштер орналасқан барлық әскери базаны өз бақылауына алды. Соңғы әскери колонна Хасеке провинциясындағы Касрак әуе базасынан шықты, деп жазады inform.kz.
Осылайша АҚШ-тың 2014 жылдан бері жалғасып келе жатқан әскери иссиясы аяқталды.
Нысандарды тапсыру үдерісі Вашингтонмен келісілген. Бұл процесс қараша айында Сирия президенті Ахмед аш-Шараа мен АҚШ басшысы Дональд Трамптың кездесуінен кейін жеделдей түскен.
Күрдтердің SDF қарулы құрылымдары енді ұлттық армия құрамына біріктірілмек. Дамаск Хасеке мен Камышлы қалаларына, сондай-ақ шекаралық аймақтарға бақылауды қайта орнатты.
Иранды қолдаушы топтардың шабуылынан сақтану үшін америкалық әскерлер Ирак арқылы емес, Иордания бағытымен шығарылған.