Ақ үйдің жанында атыс болды: қауіпсіздік шаралары күшейді

0
83

АҚШ президенті Дональд Трамп атыс салдарынан зардап шеккен жоқ.


Ақ үйдің жанында атыс болды: қауіпсіздік шаралары күшейді

Фото: Pexels

ERNUR.KZ. Вашингтондағы Ақ үйдің жанында атыс болды. Содан кейін АҚШ құпия қызметі қауіпсіздік шараларын күшейтті, деп жазады inform.kz.

АҚШ президенті Дональд Трамп атыс салдарынан зардап шеккен жоқ.
— Ақ үй маңында атыс дауысы естілді. Қазіргі уақытта екі адамның оқ жарақатын алғаны белгілі — олардың бірі күдікті, ал екіншісі кездейсоқ өтіп бара жатқан адам болуы мүмкін. Оқиға 17-көше мен Пенсильвания авенюінің қиылысында болған. Президент қауіпсіз жерде, — деп жазды PBS тілшісі Лиз Лендерз X әлеуметтік желісінде.

Айта кетейік, Трамп Ирандағы жағдайға байланысты ұлының үйлену тойына қатыспауы мүмкін.