76 жастағы Жерар Депардье атышулы іс бойынша кінәлі деп танылды

0
124

Оқиға 2021 жылы түсірілім алаңында болған.


76 жастағы Жерар Депардье атышулы іс бойынша кінәлі деп танылды

Фото: РБК

ERNUR.KZ. Париж соты француз актері Жерар Депардьені 2021 жылы түсірілім алаңында екі әйелге жыныстық қысым көрсеткені үшін айыпты деп таныды, деп жазады inbusiness.kz.

Актер 18 айға шартты жазаға кесілді. Сот Депардьені жыныстық сипаттағы қылмыс жасағандар тізіміне қосып, психологтың емін қабылдауға міндеттеді. Үкім оқылған кезде 76 жастағы актер сот залында болмады.

Өз кезегінде Депардьенің адвокаттары үкімге шағым түсіретінін мәлімдеді. Себебі актер өзіне тағылған айыппен келіспей отыр.

Француз актері Жерар Депардьеге қатысты сот процесі 24 наурызда басталған болатын.

Айта кететіні, 2021 жылы фильмнің түсірілімі барысында 54 жастағы декоратор мен 34 жастағы режиссер көмекшісі Депардьені "ұятсыз сөздер айтып, оғаш қылықтар жасады" деп айыптаған болатын. Олар 2024 жылдың басында актерді сотқа берді.