Алдын ала мәлімет бойынша, зардап шеккендер жоқ.
Фото: x.com/Capt_Ck
ERNUR.KZ. Үндістаннан ұшып шыққан Air India Express әуе компаниясының жолаушылар ұшағы Таиландтағы Пхукет әуежайына қатты қонуға мәжбүр болды. Ұшақ бортында 140 адам отырғаны анықталды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Әуежайдың баспасөз қызметінің мәліметінше, осы оқиға салдарынан әуе қатынасының қозғалысы уақытша тоқтап қалған.
Белгілі болғандай, рейс Хайдарабад қаласынан VT-BWQ борт нөмірі бар Boeing 737 MAX 8 ұшағымен орындалған. Ұшақта 133 жолаушы және жеті экипаж мүшесі болған.
Алдын ала деректерге сәйкес, зардап шеккендер тіркелген жоқ.


