КОМПЛИМЕНТ қабылдай аласыз ба?

0
1 189

Мақтау сөзге «Иә-иә, білемін» деп жауап берген адам – рақмет айтуды білмейді.


КОМПЛИМЕНТ қабылдай аласыз ба?

Өзгелердің мақтауына ие болу, мақтау-мадақты лайықты арқалау оңай емес. Сондай-ақ, комплиментті дұрыс қабылдай алу да – үлкен өнер. Бұл өнер сіздің қолыңыздан қаншалықты келеді?


ТОҚТЫ

«Қойшы, айтпашы!» - біреу мақтай бастаса, осылай тыйып тастайды. Көбіне комплиментті жағымпаздану деп қабылдайтындықтан, агрессиямен шабуылдауы да мүмкін. Комплиментке сай реакция емес, әрине. Бірақ, табиғатынан асып қайда барсын.


ТОРПАҚ

«Иә-иә, білемін» - өзінің жақсы жақтарын айтқан адамға тура осылай жауап беру Торпаққа тән. Осы сөзді алғысы деп қабылдай беріңіз, өйткені, ол рақмет айтуды керек деп санамайды.


ЕГІЗДЕР

«Рақмет. Неге олай ойладың? Шынымен солай ма?» - Егіздерге бір ауыз мақтау айтсаң болғаны, осындай сұрақтың астында қаласың. Шын көңілден айтып тұрғаныңызды немесе өзі шын мәнінде лайық па-жоқ па – соны анықтау үшін. Оларға комплимент алу емес, оның себебі маңыздырақ.


ШАЯН

«Жоға, қайдағы? Қайта сен ...» - сөзді комплимент айтқан адамға қарай бұрып жібереді. Жай ғана алғыс айтып, жағымды сезімге бөленудің орнына, өзіңді жер-көкке сыйғызбай мақтап, жақсы сөздерін жаудырады.


АРЫСТАН

«Ха-ха-ха...» - біреуден мақтау естігенде алдымен рахаттана күліп алады. Күлкісінен «Иә, мен сондаймын» деген ой анық аңғарылады. Сосын «Жоға, олай емес шығар» деп комплиментті теріске шығаруға тырысады. Бірақ, мұнда да шынайылығы сезілмейді. Яғни, өз ішінде ол осы сөзге әбден лайық екеніне сенімді.


БИКЕШ

«Ааа, солай ма? Жарайды» - құлаққа майдай жағатын, көңілді көкке көтеретін мақтау айтсаңыз да, жай сөз сияқты қабылдайды. Ғайыптан тайып рақмет айта қалса, оның өзі еш эмоциясыз шығады аузынан.


ТАРАЗЫ

«Уау, рақмет. Сен шынымен солай ойлайсың ба?!» - ең қарапайым комплименттің өзі Таразыда осындай эмоция туғызады. Ішінен «Тағы да айтса екен» деп тілеп тұрғанын жасырғысы келсе де, қолынан келмейді.


САРЫШАЯН

«А, солай ма?» - комплиментті естіп, ұялғаннан қызарып қалатыны бар. Сонда да қабатында «Мұнымен не айтқысы келді? Осындай сөзді айтуына не себеп?» деп жасырын астар іздеп үлгеріп жатады.


МЕРГЕН

«Шынымен солай ойлайсың ба?» - комплимент естігеніне сенер-сенбесін білмей, қуанышын жасыра алмай, көзі бал-бұл жайнап кетеді. «Осыны әйтеуір бір адам байқап, айтты-ау. Мені бағалайтындар бар екен» деген ішкі ойы да қылаң беріп қалады.


ТАУЕШКІ

«Рақмет» - ешқандай эмоциясы жоқ, қуаныш пен толқыныстың табы білінбейтін, леп белгісіз алғыс. Орта деңгейдегі ең қарапайымы. Бұдан артығын күтпеңіз. Қарсы жауап ретінде бір-екі ауыз жылы сөз арнау да ойына кіріп-шықпайды.


СУҚҰЙҒЫШ

«Ооо, рақмет. Маған деген көңіліңді жоғары бағалаймын. Негізі мұныңмен келісе алмаймын. Бірақ, қайдан білейін, сен солай айтып тұрсаң, бәлкім солай да шығар. Олай ойлауыңа не себеп болғанын білесің бе? Өйткені...» - комплиментке ең ұзақ әрі ең мазмұнды жауап беретін жандар.


БАЛЫҚТАР

«Ой... Қойшы, рас па? Сен қандай жақсысың! Үлкен рақмет!» - комплимент естісе ең сүйкімді, ең тәтті, ең мейірімді, ең ерке балаға айналып кетеді. Бір ауыз жылы сөздің әсері бойында ұзақ сақталады. Сәйкесінше, сізді ұзақ уақыт бойы ұмытпай, жақсылықпен жауап қайтарудың жолдарын жасайды.

Аударған: А. Мейірханқызы,

ERNUR.KZ


ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:

Әйелдің ҚАМҚОРЛЫҒЫН қажет етпейтін ЕРКЕКТЕРДІҢ 3 ТҮРІ