Атырау облысындағы ауылда белгісіз індеттен мал қырылып жатыр

0
132

Алдын ала болжам бойынша, малдың өлуіне себеп — күйдіргі немесе пастереллёз болуы мүмкін.


Атырау облысындағы ауылда белгісіз індеттен мал қырылып жатыр

Фото: pexels

ERNUR.KZ. Атырау облысындағы Қарабау ауылында белгісіз індеттен мал қырылып жатыр, деп жазады ulysmedia.kz.

Қызылқоға ауданында тамыз айынан бері 21 бас ірі қара қырылған. Atyrau.today мәліметінше, тұрғындар жауапты қызметтердің әрекеті тым баяу екенін айтып шағымдануда.

Алдын ала болжам бойынша, малдың өлуіне себеп — күйдіргі немесе пастереллёз болуы мүмкін. Өлген жануарлар санитарлық талапқа сай өртелген, мал қырылған орындар дезинфекцияланған. Патологиялық сынамалар облыстық зертханаға жіберілді.

- Бүгін малдың тағы бір өлімі туралы хабар келді. Сынамалар алынды, ертең талдауға жібереміз. Қарабаудағы жағдай күнделікті бақылауда, — деді аудандық ветстанция директоры Жанібек Кенжин.