Қазақстанда 2026 жылға арналған АЕК көлемі бекітілді

0
112

Парламент 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап төменгі зейнетақы, базалық зейнетақы, ең төменгі жалақы және айлық есептік көрсеткіш көлемін бекітті.


Қазақстанда 2026 жылға арналған АЕК көлемі бекітілді

Фото: gov.kz

ERNUR.KZ. Оған сәйкес, елімізде 2026 жылы зейнетақы көлемі 10% көтеріліп отыр, деп жазады inbusiness.kz.

Негізгі әлеуметтік көрсеткіштер қайта қаралды:

  • Ең төменгі зейнетақы – 69 049 теңге;
  • Базалық зейнетақы – 35 596 теңге;
  • Ең төменгі жалақы – 85 000 теңге;
  • АЕК – 4325 теңге;
  • Күнкөріс деңгейі – 50 851 теңге.

Өзгерістер 2026-2028 жылдарға арналған бюджетке енгізілді.

Қорытынды құжатқа еліміздегі ең төменгі жалақыны 110 мың теңгеге дейін арттыру ұсыныс енгізілген жоқ.