Көкшетауда есту қабілеті нашар такси жүргізушісін алдаған жолаушы ұсталды

0
95

Астана-Көкшетау бағытындағы такси жолаушысы жүргізушінің жағдайын пайдаланып, жол ақысын төлемей көліктен түсіп кеткен.


Көкшетауда есту қабілеті нашар такси жүргізушісін алдаған жолаушы ұсталды

ERNUR.KZ. Әлеуметтік желілерде жолаушы есту қабілеті нашар такси жүргізушісіне ақшасын төлемей, қашып кеткені туралы ақпарат тарады, деп жазады tengrinews.kz.

Астана-Көкшетау бағытындағы такси жолаушысы жүргізушінің жағдайын пайдаланып, жол ақысын төлемей көліктен түсіп кеткен.

Жолаушы ұсталды. Ол - Көкшетаудың 30 жастағы тұрғыны.

"Ер адамның айтуынша, 24 қарашада сапарға шыққан, бірақ төлемей көліктен түсіп кеткен. Ол іс-әрекетін "қаржылық қиындықтарға байланысты" деп түсіндірді. Құқық қорғаушылар жолаушымен профилактикалық әңгіме өткізді. Ол сапар құнын толық өтеді", - деп жазылған хабарламада.