«Заң мен Тәртіп» апталығы: 8 мыңға жуық тұлға тегін заң көмегін алды

0
130

23 маусымнан бастап елімізде «Заң мен Тәртіп» атты ақпараттық-түсіндіру апталығы басталды.


«Заң мен Тәртіп» апталығы: 8 мыңға жуық тұлға тегін заң көмегін алды

ERNUR.KZ. Республикалық деңгейде өткізіліп жатқан бұл шара аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, прокуратура, полиция, қаржылық мониторинг органдары мен әкімдіктер бірлесіп, азаматтарды қабылдау ұйымдастыруда. Олар облыстар мен қалалардағы ірі сауда орталықтары мен ХҚКО-ларда, сондай-ақ шалғайдағы және жету қиын елді мекендерде өтеді.

Акцияның негізгі мақсаты – азаматтарға құқықтық кеңес беру, заңнаманы және мемлекеттік қызметтерді алу тәртібін түсіндіру, сондай-ақ жүйелі мәселелерді анықтау болып табылады.

Апталықтың алғашқы екі күнінде құқық қорғау органдарының қызметкерлері 8 мыңға жуық азаматты қабылдады. Өтініштер жер мәселелері, тұрғын үймен қамтамасыз ету, балалар қауіпсіздігі, кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау, әлеуметтік төлемдер және өзге де өзекті мәселелерді қамтыды.

Бұл акция – заң мен тәртіп қағидаттарын түсіндіру бағытындағы жүйелі жұмыстың бір бөлігі. Мемлекет тек заң талап етуші ғана емес, сонымен қатар азаматтардың құқықтарын қорғауға көмектесетінін әрбір адам білуі маңызды.