​Қазақстанда “Заң мен Тәртіп” жаңа цифрлық сервисі іске қосылды

0
142

Қосымшаның басты бетінде арнайы “Заң мен Тәртіп” түймесі пайда болды.


​Қазақстанда “Заң мен Тәртіп” жаңа цифрлық сервисі іске қосылды

Қазақстанда “Заң мен Тәртіп” жаңа цифрлық сервисі іске қосылды, - деп хабарлайды ERNUR.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Ішкі істер министрлігі “Заң мен Тәртіп” атты жаңа цифрлық сервисті іске қосты – енді азаматтар құқық бұзушылықтар туралы полицияға тікелей Egov Mobile қосымшасы арқылы хабарлай алады.

Қосымшаның басты бетінде арнайы “Заң мен Тәртіп” түймесі пайда болды. Сол арқылы хабарламаны жедел жолдауға болады. Өтініш беру қарапайым әрі түсінікті. Қоғамдық тәртіпті бұзу, тұрмыстық зорлық-зомбылық, жол-көлік оқиғасы немесе балаға төнген қауіп сияқты жағдайлар туралы дабыл бірден полицияға түседі және полиция қызметкерлері хабарлама түскен сәттен бастап әрекет етеді.

Осындай түймелер кейбір банк қосымшаларына да интеграцияланған, бұл сервисті кең аудитория үшін қолжетімді етеді. Жоба ІІМ жүргізіп жатқан ауқымды цифрландыру процесінің бір бөлігіне айналды.

Мақсат – полиция мен азаматтар арасындағы өзара әрекеттестікті жеңілдету және жеделдету, жедел әрекет ету деңгейін арттыру және көмекті барынша қолжетімді ету. Сервис тәулік бойы жұмыс істейді, өтініштер бүкіл ел аумағында қабылданады.