Түркістаннан Ақмолаға 200 тоннадан астам өнім жөнелтілді

0
205

Түркістан облысы — республикада ауыл шаруашылығы бағытында көшбасшы аймақ.


Түркістаннан Ақмолаға 200 тоннадан астам өнім жөнелтілді

Түркістаннан Ақмоладағы жәрмеңкеге 200 тоннадан астам өнім тиелген керуен жолға шықты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


1 маусым күні Ақмола облысы, Көкшетау қаласында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді. Жәрмеңкеге Түркістан облысы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері қатысады.


Өнімдер тиелген керуен бүгін жолға шықты. Жиынға ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Ермұхаммед Құралбеков, 17 аудан және қалалардың жауапты өкілдері арнайы келіп, сәт-сапар тіледі.


Көкшетауда өтетін жәрмеңкеге 200 тоннадан астам көкөніс, бақша, жеміс-жидек, балық және жергілікті қайта өңдеу өнімдері жеткізіліп, нарық бағасынан 15 – 20 пайызға төмен бағада тұтынушыларға ұсынылады. Сонымен қатар жәрмеңкеде Түркістан өңірі өнерпаздарының қатысуымен қала тұрғындары мен конақтарына арналған концерттік мәдени іс-шаралар ұйымдастырылады.


Түркістан облысы — республикада ауыл шаруашылығы бағытында көшбасшы аймақ. Ел көлемінде жалпы өнімнің 13-ы өңірге тиесілі. Климаттық орналасуы мен ерекшелігі, жұмыс күші тұрғысынан дамытуға бейім өлке.


Биылғы сәуір айы бойынша өңірлік көрсеткіш белгілі. Жалпы өнім көлемі 155,7 млрд теңге, ал нақты көлем индексі 105,1%-ды құрады. Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына 15,9 млрд теңге, тиісті кезеңмен 1,3 есе, тамақ өндірісінің негізгі капиталына 6,0 млрд теңге инвестиция тартылып, тиісті кезеңмен 2 есеге артты. 2025 жылы 124,0 млрд теңгені құрайтын 29 жобаны жүзеге асыру және 1651 жұмыс орнын құру жоспарланған.


Айта кетейік, облыста ауыл шаруашылығы дақылдары 896 мың гектарға егілді. Көктемгі дала жұмыстарына жанар-жағар май босату, кредиттік ресурстар, минералды тыңайтқыштар, тұқым бөлу шаралары мерзімінде жүргізілуде. Мемлекет басшысының су үнемдеу технологияларын ұтымды пайдалану тапсырмасына сәйкес, 59 мың гектарға су үнемдеу технологияларын ендірілмек. Қазіргі таңда 16,0 мың гектарға енгізілді. Салада еңбек өнімділігін арттыру үшін озық жаңа тәсілдерге басымдық берілуде. Қарқынды баулардың көлемі — 4,3 мың гектар болса, жылыжайлар көлемі — 1640 гектар. Елімізден экспортқа шығарылатын ірі қара мал етінің 80%-ы, қой етінің 75%-ы Түркістан облысының үлесінде. 4 айда 6,7 мың тн. ірі қара мал еті, 4,6 мың тн. қой еті экспортқа жөнелтілді.

Бөлісу