Түркістандық жүзу шеберлері Қазақстан чемпионатында 12 медаль жеңіп алды

0
100

7 алтын, 2 күміс және 3 қола медаль еншіледі.


Түркістандық жүзу шеберлері Қазақстан чемпионатында 12 медаль жеңіп алды

Түркістан облысының жүзу шеберлері Қазақстан чемпионатында 12 медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Талдықорған қаласының орталық бассейнінде жүзуден Қазақстанның жазғы чемпионаты өтті. Төрт күнге созылған жарыста еліміздің барлық өңірінен келген 300-ден астам спортш халықаралық жарыстарға жолдама үшін таласты. Түркістан облысының спортшылары 12 медаль жеңіп алды.


Аделаида Пчелинцева, София Сподаренко, Анастасия Ермакова, Глеб Басов, Дарья Токтобаева, Диана Тасжанова бағдарламаның әр түрінен 7 алтын, 2 күміс және 3 қола медаль еншіледі. Бұл нәтиже Түркістан командасына медальдық есепте екінші орынға шығуға мүмкіндік берді.


«Қазіргі нәтижелер көңіл қуантарлық. Спортшылар жеңіске деген жігері арқылы сәтті өнер көрсетті. Ендігі меже – халықаралық жарыстарда өз мүмкіндігін жіберіп алмау», дейді облыстың аға жаттықтырушысы Нұртілек Убайдулаев.

Бөлісу