17 облыстан 709 жас спортшы қатысып, өзара мықтыны анықтады.
Түркістан қаласындағы «Olympic Center» заманауи спорт кешенінде таеквондодан (WT) жастар арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты өз мәресіне жетті. Елдің түкпір-түкпірінен келген үздік спортшылар қатысқан дода тартысқа толы жекпе-жектермен ерекшеленді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Жарыс қорытындысында Түркістан облысының жас таеквондошылары өңір намысын абыроймен қорғап, жалпы есепте 5 алтын, 4 күміс және 2 қола медаль еншіледі.
Алтын жүлде иегерлері:
Акрамова Шахризада – 42 кг
Өтеген Балгерім – 68 кг
Сұлу Абибулла – 46 кг
Ғазиз Бекзат – 78 кг
Аманай Құралбаев– +78 кг
Күміс жүлде иегерлері:
Төлепбергенов Нұрислам – 45 кг
Нәлібай Жаншуақ – 59 кг
Құттыбай Нұрсәт – 68 кг
Бекбау Маханбетәлі – 78 кг
Қола жүлде иегерлері:
Сейдазова Нұрай – 44 кг
Жанболат Бегжан – 45 кг
Ел біріншілігіне Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен еліміздің 17 облысынан 709 жас спортшы қатысып, өзара мықтыны анықтады.
Айта кетейік, чемпионатта жеңімпаз атанған спортшылар сәуір айында Ташкент қаласында өтетін жастар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы сапында ел намысын қорғайды.


