Залал 700 млн теңге: Қарағандыда көпбалалы ана мен құрбысы 500-ге жуық адамды сан соқтырды

0
97

Олар Қытай мен Түркиядан тауарларды төмен бағамен сату жөнінде WhatsApp қосымшасы арқылы топтар ұйымдастырған.


Залал 700 млн теңге: Қарағандыда көпбалалы ана мен құрбысы 500-ге жуық адамды сан соқтырды

фото: Sputnik / Наталья Селиверстова

ERNUR.KZ. Қарағандыда алаяқтық салдарынан 461 адам зардап шеккен іс бойынша сот үкімі шығарылды, деп жазады sputnik.kz.

Екі әйелге тағылған айып - бөтеннің мүлкін жымқыру, бірнеше рет, екі немесе одан да көп адамға қатысты, ірі және аса ірі мөлшерде алаяқтық жасау.
"Сотталушының бірі WhatsApp қосымшасы арқылы Қытай мен Түркиядан тауарларды төмен бағамен сату жөнінде топтар ұйымдастырған. Ол топтарда ыдыс-аяқ пен түрлі тұрмыстық заттарды ұсынған", - дейді сот.
Сатып алушыларды тарту мақсатында тауарлардың жеткізілгені туралы пікірлер жариялаған.
"Кейіннен екі әйел нарықтағы бағадан едәуір төмен бағамен жиһаз, тұрмыстық техника және автокөліктерді жарнамалаған, бұл ретте бөгде адамдардың пікірлері көрсетілген бейнероликтер пайдаланылған", - дейді ведомсвто.
Сатып алушылардан тапсырыстар мен ақшалай қаражатты қабылдаған, бірақ міндеттерін орындамаған.
Сотталушылардың әрекеттерінен 461 адам зардап шеккен, келтірілген жалпы залал сомасы 700 млн теңгеден асқан.

Сотталушылар өз кінәсын мойындамады, ал қорғау тарапы оларды ақтауды сұрады.

Сот үкімімен әрқайсысына 6 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, жазаны өтеу мерзімі бір жылға кейінге қалдырылды.
Жәбірленушілердің азаматтық талаптары ішінара қанағаттандырылып, кінәлілерден 700 млн теңгеден астам сома өндіріп алу белгіленді, дейді сот.