Өрттің аумағы 15 шаршы метрді құрады.
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
ERNUR.KZ. Талас шағынауданында 5 қабатты көппәтерлі тұрғын үйдің төртінші қабатындағы пәтерден өрт шықты, деп жазады inbusiness.kz.
Оқиға орнына ТЖМ бөлімшелері жедел жетіп, өртті сөндіруге және тұрғындарды құтқаруға кірісті.
Барлау жұмыстары барысында өрт сөндірушілер 6 адамды, оның ішінде 3 баланы қауіпсіз жерге шығарды. Сонымен қатар баспалдақ арқылы 10 адамды, оның ішінде 3 баланы эвакуацияланды.
Өрттен зардап шеккендер жоқ.


