Түркістандық шахматшы Қазақстан чемпионы атанды

0
65

Бұл –жай ғана жеңіс емес, үлкен еңбек пен темірдей төзімнің жемісі.


Түркістандық шахматшы Қазақстан чемпионы атанды

Түркістандық Әсия Асылхан Қазақстан чемпионы атанды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан төрінде өткен шахматтан 6-18 жас аралығындағы ел чемпионатында түркістандық Әсия Асылхан классикалық шахматтан Қазақстан чемпионы атанды. Еліміздің ең үздік шахматшылары арасында топ жарған талантты қыз халықаралық жарыстарға жолдама алды.


Бұл –жай ғана жеңіс емес, үлкен еңбек пен темірдей төзімнің жемісі. 9 тур бойы сабыр мен терең ойға сенім артқан Әсия өзінің басымдығын көрсете білді. Облыс бапкерлерінің бірлескен жұмысының нәтижесі. Оның ішінде білікті бапкер Асхат Майкотовтің қажырлы еңбегін айта кеткен жөн.


Классикалық бәсекеде топ жарған жерлесіміз енді рапид пен блиц бәсекесінде де бақ сынап, облыс намысын қорғайды.


Айта кетейік, Түркістанда жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр. Оған мыңнан аса спортшы қатысуда.

Бөлісу