Түркістандық ескекшілер Азия чемпионатында 12 медаль еншіледі

0
103

Байрақты додада 15 елден 320 қатысушы жүлделерді сарапқа салды.


Түркістандық ескекшілер Азия чемпионатында 12 медаль еншіледі

Түркістандық академиялық ескекшілер Азия чемпионатынан 12 медальмен оралды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


28–31 тамыз аралығында Қытайдың Шэньян қаласында академиялық ескек есуден 19 және 23 жасқа дейінгі спортшылар арасында Азия чемпионаты өтті. Байрақты додада 15 елден 320 қатысушы жүлделерді сарапқа салды.


Қазақстан құрамасының сапында өнер көрсеткен Түркістан облыстық су спорты түрлері бойынша облыстық олимпиада резервінің мамандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің ескекшілері түрлі санаттарда жүлдегер атанды:


U23 M4-

Владислав Галкин – күміс.

U23 W2-

Мелани Жакупова – күміс.

Анжела Полянина – күміс.

U23 W4-

Мария Лебедева – күміс.

U23 M8+

Владислав Галкин – қола.

U23 W8+

Мелани Жакупова – күміс.

Анжела Полянина – күміс.

Мария Лебедева – күміс.

U19 W8+

Мария Гладышева – күміс.

Лияра Айдарова – күміс.

Еркежан Сапарқұл – күміс.

Аксинья Гладышева – күміс.


21–28 қыркүйек аралығында Қытайдың Шанхай қаласында әлем чемпионаты өтеді. Бұл додаға біздің мықты ескекшілеріміз Владислав Яковлев пен Иван Чернухин екілік санатында қатысады деп күтілуде.

Бөлісу