Түркістандық дзюдошы Әлем чемпионы атанды

0
82

38 елден 300-ден астам спортшы қатысты.


Түркістандық дзюдошы Әлем чемпионы атанды

Астанада өткен пара дзюдодан әлем чемпионатында Бексұлтан Құлмырза топ жарды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Әлем чемпионатына 38 елден 300-ден астам спортшы қатысты. Жаһандық додада Қазақстан ұлттық құрамасындағы жігіттер жоғары деңгейде өнер көрсетуде.


81 келі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғаған түркістандық балуан Бексұлтан Құлмырза тамаша нәтижеге қол жеткізді. Ол татамиге төрт рет шығып, қарсыластарының барлығын айқын басымдықпен жеңіп шықты. Осылайша, Бексұлтан Құлмырза пара дзюдо бойынша әлем чемпионы атанды.


Айта кетейік, жеңімпаз жерлесіміз Шардара ауданының тумасы. Облыстық №4 олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің шәкірті.

Бөлісу