Түркістан өңірінде экологиялық таза энергия көздерін дамыту және көлік инфрақұрылымын жаңғырту салалары бойынша нақты ұсыныстар қарастырылды.
Түркістандық делегация мен ҚХР компаниялары арасында бірқатар серіктестік кездесулер өтті , деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов жұмыс сапарымен Қытайдың ірі экономикалық орталығы — Шанхай қаласына барды. Сапар барысында түркістандық делегация мен KYMS және BEESENERGY сынды Қытайдың жетекші компания басшыларының арасында ресми кездесулер өтті.
Кездесуде тараптар инвестициялық әріптестікті нығайту, жаңартылатын энергия көздері, инфрақұрылым және туризм салаларындағы жобаларды бірлесіп іске асыру мәселелерін талқылады. Әсіресе, Түркістан өңірінде экологиялық таза энергия көздерін дамыту және көлік инфрақұрылымын жаңғырту салалары бойынша нақты ұсыныстар қарастырылды.
Қытайлық компаниялар Түркістан облысының экономикалық әлеуетіне қызығушылық танытып, бірлескен жобаларды іске асыруға дайын екендіктерін білдірді. Тараптар тиімді серіктестік орнату үшін алдағы уақытта нақты техникалық және инвестициялық келіссөздерді жалғастыруға уағдаласты.
Бұл сапар Түркістан облысының халықаралық деңгейдегі инвестициялық тартымдылығын арттыру жолындағы маңызды қадам болып табылады.