Түркістандық дәрігерлер 4 жасар баланың ағзасын сақтап қалды

0
133

Операция кезінде бөгде затты хиругиялық жолмен алып тастады.


Түркістандық дәрігерлер 4 жасар баланың ағзасын сақтап қалды

Түркістандық дәрігерлер 4 жасар баланың ағзасын аман сақтап қалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облыстық балалар ауруханасының дәрігерлері 4 жастағы балаға ашық түрде урологиялық жолмен күрделі ота жасады.


Аурухананың қабылдау бөлімшесінде дәрігерлер баланы шұғыл диганостикалық тексеруден өткізіп, компьютерлік томографиялық тексеру кезінде сәбидің несеп жолында бөгде зат тұрып қалғаны анықталған.


Облыстық балалар ауруханасынның уролог дәрігерлері балаға шұғыл түрде ота жасаған. Операция кезінде бөгде затты хиругиялық жолмен алып тастады.


«4 жасар бала ұзақ уақыт бойы қиналып жүрген. Іштегі тасты дер кезінде шығармасақ, науқас бүйрек жеткіліксіздігіне шалдығар еді. Сәтті көрсетілген медициналық көмектің нәтижесінде баланың бүйрегін сақтап қалдық. Ең бастысы қазір баланың денсаулығы жақсы», дейді дәрігерлер.


Отадан кейін бала бір апта облыстық балалар ауруханасында дәрігерлердің бақылауында болып, денсаулық жағдайы жақсарған соң үйіне шығарылды.

Бөлісу