Түркістандық ардагерлер Жолдаудағы міндеттерді саралады

0
99

Маңызды басқосу соңында ел ағалары тарапынан елді игі іске ұйыстыру, Жолдаудағы тапсырмаларды орындау бағытында жұмыс атқару жөнінде шешім қабылданды.


Түркістандық ардагерлер Жолдаудағы міндеттерді саралады

Түркістан облысының ардагерлері Жолдаудағы міндеттерді саралады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістанда Республика күні қарсаңында Түркістаноблыстық ардагерлеркеңесінің кезектіПленумы өтті.Күн тәртібінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауын орындау барысы, сондай-ақ ұйымдық мәселелер қаралып, алдағы атқарылатын жоспарлар талқыланды.


Пленумға облыстық басқармаларының басшылары, зиялы қауым өкілдері, аудандық, қалалық «Әкелер мектебінің» төрағалары, «Әжелер алқасының» төрайымдары қатысты.


Жиында облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жеңісбек Мәуленқұлов, облыстық мәслихаттың төрағасы Нұралы Әбішов, Түркістан облысы прокуронының бірінші орынбасары Саян Келдібеков, пленум мүшесі Абдулла Ахметов, облыстық қоғамдық даму басқармасының міндетін атқарушы Болат Жанәбіл баяндама жасап, жастар тәрбиесі жәнеинвестиция тарту, партиялардың рөлін арттыру, алдағыПарламент сайлауына дайындық барысы, сондай-ақ«Заң және тәртіп» қағидасы бойынша кеңінен тоқталды.


Пленум барысында өзге де баяндамашылар сөз сөйлеп, Жолдаудағы басым бағыттарға тоқталып, оны жүзеге асыруда ел болып жұмылып әрекет ету керектігін жеткізді.


Маңызды басқосу соңында ел ағалары тарапынан елді игі іске ұйыстыру, Жолдаудағы тапсырмаларды орындау бағытында жұмыс атқару жөнінде шешім қабылданды.

Бөлісу