Науқаста дауыстың қарлығуы және тыныс алу жолдарының айқын бұзылуы байқалған.
фото: Sputnik / Сергей Пятаков
ERNUR.KZ. Өскеменде жедел жәрдем қызметі екі бірдей науқасты аман алып қалды, біреуі кәуапқа қақалған, деп жазады sputnik.kz.
Қазан айында Шығыс Қазақстан облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының № 4 бригадасы ауыр науқастарға екі рет шұғыл көмек көрсеткен.
"Бірінші жағдай 57 жастағы ер адаммен болды, ол кәуапқа қақалып қалған. Бригада келген кезде науқаста цианоз, дауыстың қарлығуы және тыныс алу жолдарының айқын бұзылуы байқалды", - дейді басқарма.
Фельдшер дереу көмек көрсетіп, кәуапты шығарған.
Ал екінші жағдайда 83 жастағы тұрғынды ажалдан аман алып қалды, дейді ведоство.
"Дәрігерлер дереу хаттамаға сәйкес реанимациялық шараларды бастады. Дефибрилляция жасалды, жүрек соғысы қалпына келтірілді. Сәтті реанимациядан кейін науқас одан әрі емдеу және бақылау үшін ауруханаға жеткізілді", - дейді Денсаулық сақтау басқармасы.
Екі жағдайда да фельдшерлер Руслан Увасов пен Нұртас Сейлханов, сондай-ақ жүргізуші Мұхтар Мұратовтан тұратын № 4 бригада көмек көрсетті.


