Түркістанда жастар форумы өтті

0
107

«Жас мемлекеттік қызметшілер» мектебіне қабылданушы студенттерге арнайы белгішелер табысталды.


Түркістанда жастар форумы өтті

Түркістанда «Республика жастары: Болашаққа бағдар – елге қызмет» атты жастар форумы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


25 қазан – Республика күні қарсаңында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркстан облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен «Республика жастары: Болашаққа бағдар – елге қызмет» атты жастар форумы өтті. Шараның мақсаты – жастарды еңбексүйгіштікке баулу және кәсіби бағыт-бағдар бере отырып, олардың бойына отансүйгіштік қасиеттерді сіңіру.


Форумға спикер ретінде облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы, әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Абылайхан Наурызбаев және Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің ректоры Жанар Темірбекова, ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Түркістан облысы бойынша филиалының директоры Арайлым Қайратова және Халықаралық туризм және меймандостық университетінің басқарма төрағасы-ректордың міндетін атқарушы Бекежан Мырзабаев қатысты.


Форумда алғашқы сөз сөйлеген Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев Республика күнімен құттықтады.


Қасиетті Түркістан төрінде еліміздің болашағын айқындайтын ең үлкен құндылық – жастық жігер мен ұлт рухын біріктірген маңызды форумда бас қосып отырмыз. Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет жүйесінде жастардың үлесі мен белсенділігі ерекше маңызға ие. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде: «Жастардың әлеуетін арттыру – ел дамуының басты кепілі» деп атап өткен болатын. Шынында да, жастар – қоғамның ең сергек, ең жаңашыл бөлігі. Олар заманауи технологияларды, жаңа басқару тәсілдерін игерген, білімге құштар және мемлекетке қызмет етуге дайын буын. Сондай ақ мемлекеттік қызметтегі жастар – елдің дамуына серпін беретін стратегиялық ресурс, – деді Ертай Кенжебекұлы.


Шара барысында 2025-2026 оқу жылында Департамент жанындағы


«Жас мемлекеттік қызметшілер» мектебіне қабылданушы студенттерге арнайы белгішелер табысталды.


Айта кетейік, бүгінгі таңда Түркістан облысында 3457 мемлекеттік қызметкер еңбек етуде. Оның ішінде жастардың үлесі тұрақты артып келеді.

Бөлісу